Индустрия министрі құрылыс саласы одағының мүшелеріне алғыс айтты

Индустрия министрі құрылыс саласы одағының мүшелеріне алғыс айтты

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Qazaq Stroy, Атрикс-Строй, Диал Строй, Exclusive Group, Kusto Home, Nest Stroy, Saba Group KZ, Sheber Group, Tau Development, Time Group Construction сынды құрылыс саласы одағының мүшелеріне жоғары моральдық қасиеттерін көрсеткені және зардап шеккен отандастарға уақытылы қажетті көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Сіздердің ізгі ниеттеріңіз назардан тыс қалмайтынына, үлгі-өнеге болатынына сенімдімін. Сіздердің белсенді әрекеттеріңіз халқымыздың рухын, жарқын болашаққа деген сенімін арттыруға ықпал етеді» - Қ.А. Өскенбаев

Бұған дейін президент Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қазақстанның құрылыс саласы одағының мүшелерімен бірлесіп, қаза тапқан әскери қызметшілер мен полицейлердің барлық отбасыларына осы қиын кезеңде пәтер беру туралы шешім қабылдаған болатын.