
«Казақ Эйр» АҚ басшылығына ұшар алдындағы демалыс режимін бұзу фактісіне жол бермеу шараларын қабылдау нәтижесі бойынша дереу қызметтік тексеріс жүргізу жөнінде тапсырма берілді.
Атырау Халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, 15.01.2017 күні жергілікті уақытпен сағат 17:37-де Атырау-Ақтөбе-Шымкент бағыты бойынша рейсті орындайтын «Казақ Эйр» АҚ экипажы әуе кемесінің командирі Муноз бен екінші ұшқыш Эспедоны ұшар алдындағы медициналық тексеруден өткізу кезінде кезекші дәрігер әуе кемесінің командирі Муноздан қан қысымының жоғары екенін (173/110), жүрек қағысының жылдамдығын (109), аузынан алкоголдің иісі шығып тұрғанын байқаған және алкотестер спирттік ішімдік қолданғанын дәлелдеген. (0,18 промилле).
Әуе кемесінің командирі «Казақ Эйр» АҚ өкілімен және медициналық пункттің қызметкерімен Атырау қаласының наркологиялық диспансеріне жіберілді. Онда жасалған сараптама жоғарыда көрсетілген фактіні растады. Алкотестер нәтижесі бойынша 0,18 промилле мен алкоголь пайдаланғаны дәлелденді.
Экипаж мүшесін ауыстырғаннан кейін рейс уақытынан 12 сағат 45 минут кешігіп ұшты. Ұшуларды орындау ережесінің 101 бабына сәйкес, экипаж мүшелері алкоголь пайдаланғаннан кейін, сондай-ақ, қан құрамында алкоголь табылған жағдайда 24 сағаттан ерте өз міндетін орындауға жіберлмейді.
Әуе кемесінің командирі Муноздың Испания авиация билігі берген авиациялық қызметкер куәлігі бар. Аталған экипаж ұшуды орындаудан шеттетілді.
Әуекомпанияның басшылығы және командалық-басшылық құрамы ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей жауапты. Аталған жағдайда әуекомпанияның басшылығы тарапынан тиісті қадағалау қамтамасыз етілмегендіктен экипаж ұшу алдындағы демалысты бұзып отыр. Соның салдарынан рейс уақытында ұшпай, ұзақ уақытқа кешікті.
Анықтама: Ұшу алдындағы тексерістен өту ережесі медициналық куәландыру ережесі бойынша регламенттелген (ҚР ККМ және ҚР ДС бірлескен бұйрығы)
Ұшу алдындағы тексеріс кезінде медицина қызметкері ӘК экипажы мүшелері мен ӘҚҚ әуедиспетчерлерінің мамандық куәлігін және медициналық нәтижесін тексереді .
Авиациялық персоналдың тұлғалары қандай да бір сырқаттың белгісі болса, шаршаған болса, дәрігердің тағайындауынсыз дәрілік заттар пайдаланса, алкогольді ішімдік ішсе, ұшар алдындағы демалыс пен тамақтану режимін бұзса, медициналық тұжырымдама мерзімі аяқталған болса, ұшуға немесе әуе қозғалысын ұйымдастыру жұмыстарына жіберілмейді.
Ұшар алдындағы (смена алдындағы) медициналық қараудан өткізу мына көлемде өткізіледі: сұрақ қою, сырттай қарап шығу, ауыз қуысы мен жұтқыншақты қарап шығу, қан тамырының соғысын тексеру, күре тамырдағы қан қысымын, дене температурасын өлшеу және сыртқа шығарған демінің алкоголь сынамасын жасау.