
Халал саласындағы халықаралық сарапшылар елімізде аталған саланы дамыту бойынша диагностикалық миссия өткізу мақсатында келді. Бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері (ауыл шаруашылығы министрлігі, дін істері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеттері) және басқа да ұйымдар тартылды. Талқылау барысында JAKIM өкілдері (Малайзия Премьер-министрі Әкімшілігіндегі Ислам істері бойынша Малайзия департаменті), Standards Malaysia стандарттау бойынша органы және Малайзия ғылыми-зерттеу институты Mardi Holdings қатысушыларды Халал индустрия саласындағы малайзиялық органдардың қызметімен таныстырды.
Сондай-ақ, жоба аясында малайзиялық сарапшылар Астанада тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорында болды.
Нәтижесінде, малайзия сарапшылары үш негізгі компонентті есепке ала отырып, сапалы инфрақұрылым құрауды ұсынды. Мысалы, стандарттар әзірлеу, халал өнімдерін тану мен сертификаттау мәселелерін реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау; экспорт мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мүдделі кәсіпорындарды тарту.
Малайзиялық сарапшылар диагностикалық миссия қорытындысы бойынша Қазақстанда халал индустрияны кезең-кезеңімен құру бойынша ұсыныстар әзірлейді.