ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСПОРТ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСПОРТ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ

«Инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды қайта форматтау аясында бірінші жартыжылдықта инвестиция тарту бойынша ұлттық стратегия әзірленеді (Дүниежүзілік Банктің қатысуымен). Ақпан айында «KaznexInvest» АҚ базасында инвестияция жөніндегі «КазахИнвест» ұлттық компаниясы құрылады», деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Бұдан тыс, министрлік Қытай, Ресей, Иран, Франция мен Жапония, Оңтүстік Корея мен Польша, Италия мен АҚШ сияқты елдермен бірлескен инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастырады.   

АЭА қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ақпан айында оларды алдағы уақытта дамытудың ұсыныстары және АЭА-тың әрқайсысын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді.