
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин 2015 жылы кездесу барысында осы зауыт базасында азаматтық мақсаттағы "Ми-171Ми-8АМТ" тікұшақтарын құрастыратын өндірісті жолға қою туралы уағдаласты.
Өндіріс "№ 405 авиажөндеу зауыты" АҚ Алматы базасында ұйымдастырылып, ретке келтірілді және пайдалануға берілді. Зауыттың Орталық Азия өңірінде баламасы жоқ.
Кәсіпорын жыл сайын 12 тікұшақ шығара алады.
Қазақстанда құрастырылған алты Ми-8АМТ тікұшағы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттіліктері үшін жеткізілді. Екі Ми-171Е тікұшағын ҚР Ішкі істер министрлігіне 2022 жылдың басында тапсырылады.
2022 жылға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттіліктері үшін 5 Ми-8АМТ тікұшағы және ҚР Ішкі істер министрлігінің қажеттіліктері үшін 4 Ми-171Е тікұшағына тапсырыс берілді.
Кәсіпорын 1939 жылы құрылған және авиациялық техниканы өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша Қазақстан Республикасының ежелгі кәсіпорындарының бірі (биыл зауыт жұмысшылары кәсіпорнының 82 жылдығын атап өтті).
Өндірістік база және мамандардың біліктілігі Ми-8/17 тікұшақтарының 20-дан астам түріне және олардың модификацияларына күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді. Соңғы 3-4 жылдың ішінде Ми-8АМТ, Ми-171Е, Ми-172 және Ми-17-В5 сияқты тікұшақтарды күрделі жөндеу игерілді.
"№405 авиажөндеу зауыты" АҚ-ның Ақтау және Ақтөбе қалаларында авиациялық техникаға қызмет көрсететін және жөндейтін орталығы бар.
Алматы облысының Боралдай кентіндегі орталық тікұшақтарды пайдалану кезіндегі ақауларды дереу жоюға маманданған.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымдарында, сондай-ақ мемлекетаралық авиация комитетінде және РФ Азаматтық авиация ҒЗИ-да сертификатталып, лицензия алған.
Сондай-ақ, зауыт күрделі жөндеуден кейін авиациялық техниканы сынақтан өткізетін сынаушы-ұшқыштардың экипаждары мен ұшу-сынақ бөлімшесімен қамтамасыз етілген.