АЛМАТЫДА ИТП «АЭА»-НЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

АЛМАТЫДА ИТП «АЭА»-НЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Аталмыш кездесу барысында қатысушыларға Инновациялық технологиялар паркі «Арнайы экономикалық аймағының» қызмет нәтижелері мен 2020 жылға дейінгі даму жобалары ұсынылды. «ИТП» АЭА іске қосылған күннен бастап бүгінге дейін (2006-2016 жж.) қызметтің басым түрлері бойынша өнім өткізу көлемі 107 млрд. теңгені құрады. Бүгінге дейін «ИТП» АЭА қатысушыларымен салынған жеке меншік инвестициялар көлемі  22,1 млрд. теңгеден асып, компаниялардың салықтар мен басқа міндетті төлемдерден түсетін жалпы қаржы көлемі 11,52 млрд. теңгені құрады («ИТП» АЭА салық басқармасы деректері бойынша).

2016 жылы 23 жаңа резидент тартылды. Олардың ішінде: ТОО «EPAM Kazakhstan» (ЭПАМ Казахстан), АО «Казтелепорт», ТОО «Күнделік (Kundelik)», ТОО «Региональные платежные системы», ТОО «Digital Management» және т.б. Аталмыш 23 компания cалған инвестиция көлемі 1,2 млрд. теңгеден асты. 2017 жылдың 1 ақпанына дейінгі деректерге сәйкес 161 компания «ИТП» АЭА-ның резиденті болып табылады. Жалпы жұмыс орындарының саны – 3470.

«ИТП» АЭА-ның ілгері дамуы Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басымдықтарға сәйкес жүргізіледі. «ИТП» АЭА-ға индустриялық мамандандыру мәселесіне ерешке мән беріліп, жетекші ұлтаралық компаниялармен бірге Технологиялық даму орталықтарын құру жоспарланып отыр. Халықаралық McKinsey&Company компаниясымен әріптестік аясында Тау-кен-металлургиялық кешені бойынша құзырет орталығы құрылуда. Жуық арада автоматтандыру және терең аналитика бойынша бірінші модульдің қосылуы күтілуде. Оның қызметі үшін Intellisense.io (Ұлыбритания) компаниясының бұлттық платформалары қолданылады. Аталмыш модульдің қызметі Индустрия 4.0 бойынша жаңа шешімдерді әзірлеу мен тестілеуге бағытталады. Сонымен бірге 2017 жылы тағы 3 модульдің қосылуы және модельдік карьердың, модельдік байыту фабрикасының құрылуы  күтілуде. Осының негізінде мамандарды жаңа технологиялармен таныстыру мақсатында оқыту жұмысы жүргізіледі. Бұл өндіріс шығындарын қысқартуға және жабдықтарды қолдану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Materia Inc компаниясымен бірге Жаңа материалдар мен аддитивті технологиялар орталығын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірқабырғалы көміртек нанотүтіктер жасауға патенттер мен құқығы бар OСSiAl (Ресей) компаниясы Орталықтың әріптесі болып табылады. Орталықтын басты мақсаттары: алюминий ұнтақтарын және алюминий ұнтақтары негізіндегі қоспаларды жасау, полимерлер мен модификаторлардың жаңа қолдану аясын кеңейту және т.б. Орталық қызметінің практикалық нәтижелері мұнай-газ секторында, тау-кен-металлургиялық кешенінде автомобиль өнеркәсібінде және арнайы машина жасау, энергетикалық және басқа да бағыттарда кеңінен қолданылады. Құрылатын орталықтар экспортқа бағытталған технологиялық компетенциялардың дамуына елеулі үлес қосады.  «Сколково» технопаркімен, Новосибирск Академпаркімен, Минск, Екатеринбург және басқа қалалардағы инкубаторлар мен «ИТП» ДКҚ арасында орнатылған әріптестік байланыс аталмыш бағыттардың дамуына септігін тигізеді.

Сонымен бірге, «ИТП» АЭА негізінде Геологиялық кластерін құру мүмкіндіктері анықталуда. Ол геология саласындағы стартегиялық мәселелердің кешенді шешімдерін табуға мүмкіндің береді: әлемдік деңгейдегі геологиялық құрылым құру (сертификациялау), жынысөзек қоймасын құру, геодеректер Big Data-сы, геологиялық материалдарды өңдеуге қажетті уақыт пен қаржылық шығынды қысқарту және т.б. Казгеология АҚ және Ұлыбританияның халықаралық сауда министрлігі Геологиялық кластердің басты серіктестері. Тау-кен-металлургиялық кешенінде британдықтардың Индустрия 4.0 тәжірибесін қолдану жайлы келісімдер орнатылды.

«ИТП» АЭА базасында инновациялық қызметтің жоғары сұранысына ие өнеркәсіптің негізгі салалары мен ақпараттық технологияларды мақсатты түрде бағыттау қарастырылып жатыр. Бұл бағыттағы «ИТП» ДКҚ-ның маңызды құралы, жер қойнауын қолданушыларға, жылдық жиынтық табыстарының 1% ҒЗТҚЖ-ға бағыттау міндеттемелері негізінде нақты инновациялардың енгізуін тестілеуге мүмкіндік береді. Аталмыш тәсіл бойынша 2016 жылы ИТП ДКҚ жер қойнауын пайдаланушылармен 1,156 млрд. теңге көлеміндегі келісімшарттарға қол қойып, 855 млн. теңге мөлшерінде 26 жобаны қаржыландырды. Биыл жобалар елеулі дарежеде әртараптандырылып, 3D принтерлер үшін жаңа материалдарды жасау сияқты жобалар қарастырылып жатыр.

Инновациялық компаниялардың зәру жиынын қалыптастыру мақсатымен, «ИТП» ДКҚ Ұлт Жоспарының 63 қадамының аясында, «Startup Kazakhstan» халықаралық жедел даму бағдарламасын іске асырады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – экспортық потенциалы жоғары, әрі ірі технологиялық компанияларға даму қабілеті бар, жергілікті және шетелдік стартап жобаларды Қазақстанға тарту. «Startup Kazakhstan»  бағдарламасының нәтижесінде, құрамында жеке меншік капиталы бар, 50 жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған стартап компанияларды инкубациялау көзделеді. Жоспар бойынша, жеке меншік капиталдың қатысуы жоспарлы түрде ұлғайып, соңында 70% жету керек. Осы шаралардың нәтижесінде 200 жаңа жоғары білікті жұмыс орындары құрылады.

Аталмыш шарарлардың кешенді түрде іске асырылуы инвестициялар, жоғары технологиялар және жетекші ұлтаралық компанияларды тартуға жағымды жағдай орнатып, компаниялардың ішкі және сыртқы  бәсекеге жарамдылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. 

Анықтамалық ақпарат:

Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Almaty Tech Garden брендімен жұмыс атқарады) өз қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Заңына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президенті "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.

«ИТП» ДКҚ бейкоммерциялық ұйымы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының басқару мекемесі болып табылады. «ИТП» ДКҚ-ның әрекеті инновацияға деген сұранымды нығайту мен ынталандыруға, ғылыми зерттемелерді және стартаптарды инкубациялауға, сонымен қатар, жоғары технологиялы компаниялардың дамуына инвестиция тартуға бағытталған.