
Көрмеге өзбекстандық 100 компания қатысып жатыр. Олардың қатарында ауыл шаруашылық машинасын жасау, автомобиль құрастыру, фармацевтика, тұрмыстық техника, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, химиялық өнімдер және тағы басқа да салалар бар.
Сағат 09:00-де басталған көрме 18:00-ге дейін жалғасады. Іс-шара аясында көрші мемлекеттерге өз өнімдерін өткізуге мүдделі екі ел тауар өндірушілерінің екіжақты кездесулері болады.
Осы тұста айта кететені бір жайт, 2017 жылдың қыркүйегінде «KAZNEX INVEST» АҚ Өзбекстанда Сауда миссиясын ұйымдастырады. Оған Өзбекстанға өз өнімін экспорттауға мүдделі 30 қазақстандық компания қатысады.