ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі кеңес өтті. «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының Алматыдан Бішкекке бағыт алған КС 109 рейсті Embraer 190 әуе көлігіне қатысты оқыс оқиғаға экипаждың нөмірі бірінші қозғалтқышты өшіріп, салдарынан май қысымы төмендеуі туралы дабылдың іске қосылуы себеп болды. Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша бұған дабыл қағу жүйесінің өзінің істен шығуы себеп. Кеңес қорытындысы бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен кешенді іс-шаралар жасау жөнінде шешім қабылданды. Азаматтық авиация саласында әуе компанияларының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігін күшейтуге қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу жөнінде жұмыс жүргізіледі.