ҚР ИДМ «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» ҚР КОДЕКС ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМЫН ӨТКІЗЕДІ

ҚР ИДМ «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» ҚР КОДЕКС ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМЫН ӨТКІЗЕДІ

Шара мақсаты – жаңа Кодекс жобасын жұртшылықпен, сарапшылармен, жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен және бұқаралық апарат құралдарының қатысуымен кеңінен талқылау.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы «100 нақты қадам: Жалпыға Заманауи мемлекет» ұлт жоспарының 74 және 75 қадамдарын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

ҚР Үкімет Қаулысымен бекітілген 2017 жылға арналған Заң жобалық жұмыс жоспарына сәйкес, Кодекс жобасын ҚР Парламент Мәжілісіне 2017 жылдың қыркүйек айында енгізу көзделген.

Кодекс жобасы келесідей концептуалдық өзгерістерді қамтиды:

- Австралиялық модель баламасы негізінде «Бірінші келген-бірінші алады» лицензиялық қағидатын енгізу арқылы Жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдетілген тәртіпте беру; 

- қорларды бағалауда халықаралық CRIRSCO тәртібіне көшу;

- геологиялық ашық ақпаратқа қолжетімділік жасау және оны сандық форматқа ауыстыру;

- кең таралған пайдалы қазбалар тізмін қайта қарастыру;

-Мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кен орынын жабу кезіндегі жою ережесін күшейту;

- жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарт кепілдігі тұрақтылығын қамтамассыз ету және тағы басқалары.

Қоғамдық тыңдалым 2017 жылғы 14 сәуір күні сағат 10:00-де Алматы қалалық әкімдік ғимаратында (мекен-жай: Алматы қаласы, Республика даңғылы 4, № 4 зал, кіру «1» кіреберіс арқылы) өткізіледі. 

Аталған іс шараға қатысу үшін кандидатураларды (ТАӘ, лауазымы көрсетілген) e.smatilda@mid.gov.kz e-mail мекен-жайына 2017 жылдың 5 сәуірі сағат 18-00-ге дейін жолдауларыңызды немесе 8(7172) 75-44-07; 75-44-75 нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Алматы қаласы әкімдігі ғимаратында (бұдан әрі-Әкімдік) рұқсаттық режим болғандықтан жеке басыңызды куәландыратын құжаттың өзіңізбен болуы талап етіледі. Бұған қоса ғимаратқа суретке түсіру және интернет функциялары бар мобильді құрылғылармен (смартфон, планшет, ноутбук, смарт сағаттар және т.б.) кіруге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, әкімдіктің құнды заттарды сақтау жәшігінің жетіспеушілігіне байланысты және де қолайсыз жайттардың алдын алу мақсатында жоғарыда аталған заттарды әкімдік ғимаратынан тыс жерде қалдырып кетуіңізді сұраймыз. 

Сонымен бірге, Жер қойнауы туралы ҚР Кодекс жобасымен Министрліктің ресми сайтындағы төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады http://mid.gov.kz/kk/kategorii/departament-nedropolzovaniya-13