ҚР ИДМ 2017 ЖЫЛДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖОБАСЫН ДАЙЫНДАУ ЖОСПАРЫН ӨЗЕКТЕНДІРДІ

ҚР ИДМ 2017 ЖЫЛДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖОБАСЫН ДАЙЫНДАУ ЖОСПАРЫН ӨЗЕКТЕНДІРДІ

Аталған шарада Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Министрлікке сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріліп, сондай-ақ ол экспортты ілгерілетуге жауапты ретінде айқындалған. Туристік қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктер ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне берілген.

Заң шығару қызметінің процесіне қатысты Министрлік әзірлеп жатқан жобаларды тұрақты негізде www.egov.kz. интернет-порталында жария талқылау қамтамасыз етіледі. Нормативтік-құқықтық акті жобасымен көрсетілген сілтеме арқылы толық танысуға болады: 2017 жылға арналған нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспарының кейбір мәселелері туралы.