РОМАН СКЛЯР БҰРЫНҒЫ ҚР КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРІ СЕРІК АЛИГУЖИНОВТЫ 75 ЖАСҚА ТОЛҒАН МЕРЕЙ ТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

РОМАН СКЛЯР БҰРЫНҒЫ ҚР КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРІ СЕРІК АЛИГУЖИНОВТЫ 75 ЖАСҚА ТОЛҒАН МЕРЕЙ ТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

"Құрметті Серік Қарабатырұлы! Сізді келіп жеткен мерекеңізбен құттықтаймын ! Министрліктің атынан Сізге және сіздің отбасыңызға бақыт, мықты денсаулық, ұзақ өмір, сарқылмас күш – қуат және барлық игі істерде табыс тілейміз" - деп министр Роман Скляр құттықтау сөзінде сөз сөйледі. 

Құттықтау рәсіміне ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев, Көлік комитетінің және автомобиль жолдары комитетінің басшылары қатысты.

Кездесу соңында Серік Әлиғожинов барлық жиналғандарға алғысын білдіріп, көлік саласындағы негізгі іске асырылған жобаларды, сондай-ақ автомобиль және темір жол көлігі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті

Серік Әлиғожинов 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Павлодар облысында инженер болып бастады. Әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, кейіннен Қазақ ССР автомобиль көлігі Министрінің бірінші орынбасары, 1988-1990 жылдары – Қазақ ССР Көлік министрінің бірінші орынбасары, 1993-1995 жылдары – көлік және коммуникация министрі қызметтерін атқарды. 

Жұмыс істеген жылдары елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін "Құрмет" және "Халықтар Достығы" ордендерімен марапатталған.