МЕРЕКЕ ПІШЕМБАЕВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

МЕРЕКЕ ПІШЕМБАЕВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Облыс әкімдігімен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп, ҚР ИИДМ аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде қызметкерлерді басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері қаралды.

Мереке Пішембаев өз сөзінде министрліктің аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдарың өңірлердегі мемлекеттік органдардың өкілдері ретінде шешуі тиіс негізгі міндеттерін атап өтті. Жауапты хатшы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру деңгейін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жауапты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасын сақтау жөнінде тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсету сапасына бақылауды күшейтуді және стандарттар мен регламенттердің талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

Сонымен қатар, жауапты хатшы Қостанай әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын, "Қостанай-Қарабұтақ" автожол жобасын қайта құру барысымен танысты, сондай-ақ "СарыарқаАвтоПром"ЖШС-де болды.