ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНДЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНДЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пшембаев Министрлік қызметкерлерін құттықтай отырып, тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды сәттерін қозғады.

Өз сөзінде Жауапты хатшы «Осыдан 24 жыл бұрын, 1995 жылы Қазақстан өзінің ең маңызды, тәуелсіз мәртебесі көрсететін құжат – Ата заңын қабылдады. Бүгін де бұл еркін және тәуелсіз мемлекеттің барша азаматтары үшін жарқын әрі қуанышты сәт. Конституция жаңғырту процесін одан әрі іске асыру, демократиялық бастамаларды нығайту, азаматтардың әл-ауқатының өсуі мен Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елдері қатарына апару жолында қоғамның ортақ мақсатқа жұмылу факторы болып табылады» деп атап өтті.

Конституцияның 1995 жылғы бүкілхалықтық референдумде қабылдануы, оған заңдылықтың жоғары дәрежесін берді. 2017 жылы болған конституциялық реформа нәтижесінде билік тармақтары арасында функциялар мен өкілеттіктердің бөлінісі күшейтілді. Осы орайда, Конституция саяси жүйе орнықтылығының кепілі ретінде жүреді, әсіресе елімізде орын алған саяси өзгерістерді ескере отырып, оның сабақтастығын қоса алғанда. Конституция әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді нақты көрсетіп, сот-құқықтық жүйенің кәсіби жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қолданыстағы Ата заң мемлекеттің басты қоғамдық мәселелерін дамытуға мүмкіндік береді.

Тұңғыш Президент – Елбасы елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыруда баға жетпес үлес қосқанын атап өту маңызды.

Салтанатты жиналыстың жалғасы ретінде қалыптасқан дәстүр бойынша министрлік пен  ведомстволар қызметкерлерін төсбелгілермен және грамоталармен марапаттау рәсімі өтті.

Қапшағай су қоймасында 6 адамды құтқарған ҚР ИИДМ Көлік комитеті Судағы көлік бақылау басқармасының басшысы Жандос Альмено және Алматы облысы бойынша КБИ судағы көлік бақылау бөлімінің бас маманы Асқар Жақсыбаев Министрдің құрмет грамоталарымен марапатталды.