
Осыдан 24 жыл бұрын, 1995 жылы Қазақстан өзінің ең маңызды, тәуелсіз мәртебесі көрсететін құжат – Ата заңын қабылдады. Бүгін де бұл еркін және тәуелсіз мемлекеттің барша азаматтары үшін жарқын әрі қуанышты сәт.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Конституция жаңғырту процесін одан әрі іске асыру, демократиялық бастамаларды нығайту, азаматтардың әл-ауқатының өсуі мен Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елдері қатарына апару жолында қоғамның ортақ мақсатқа жұмылу факторы болып табылады.
Тәуелсіздік алғалы Конституция мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі ретінде қызмет етті, әр қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі! Біздің болашағымыз әр азаматтың құқықтарын, заң алдында теңдігін қамтамасыз етумен, бейбітшілік пен келісімнің сақталуымен тығыз байланысты. Бұл қасиетті Ата заңымыздың басты өсиеттері.
Осы айтулы, салтанатты күні баршаңызға ашық аспан, тұрақтылық, татулық пен бақыт тілеймін!