
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды табыс етті.
"Парасат" ордені ғылым қайраткерлеріне, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне елдің рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға және молайтуға қосқан зор жеке үлесі, сондай-ақ адамның әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін беріледі. Бұл Орденмен "Азаматтық авиация академиясы" АҚ Басқарма Төрағасы – ректоры Бекен Сейдахметов және "Қазақстан су жолдары" РМҚК бас директоры Берік Уандықов марапатталды.
"Құрмет" орденімен экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудағы еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі атап өтілген. Министрдің қолынан бұл жоғары марапатқа ие болғандар: Василий Пастух - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ конверторының 40 жылдық өтілі бар болат балқытушы; Жарылқасын Шалбаев - "SEMBOL" компаниясының сапаны бақылау бөлімінің басшысы; Бауыржан Смағұлов - "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ Басқарма Төрағасы, Юрий Келенцев - "УК ЮНИС" ЖШС директоры; Жалғас Мырзағалиев - "JM CAPITAL" холдингінің президенті және Директорлар кеңесінің төрағасы.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен (экономикадағы және мемлекеттік қызметтегі еңбектегі жетістіктері үшін) "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ электродтар өндіру цехының анод құюшысы Нуролла Матаев; «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ баспа платаларының инженер-технологы Анна Зарецкая, "Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС интеграцияланған және логистикалық қолдау жөніндегі менеджері Айдын Тиыштыбай; Болат Үмбетов - "Мемсараптама" РМК жобаларды сараптау басқармасы инженерлік желілер және өндірістік жүйелер секторының басшысы; Тимур Бижанов - ҚТКШІА мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы; Әлия Әміржанова - "Қазаэронавигация" РМК Стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы; Ғабит Тәжімұратов - "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы; Серік Оразғалиев - "Семей қаласының халықаралық әуежайы" АҚ директоры; Бауыржан Қасенов – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы; ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Алмас Көшімов; ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Дана Қасымова; ҚР ИИДМ Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Лаура Садықова; ҚР ИИДМ Ішкі аудит департаментінің директоры Юрий Каппель; ҚР ИИДМ Қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаментінің директоры Сергей Черненок, ҚР ИИДМ Қаржы департаментінің директоры Гүлмира Тастамбекова марапатталды.
Сондай-ақ, ҚР ИИДМ басшысы еңбекте ерекше көзге түскен қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталары мен Премьер-Министрдің Алғыс хатын табыс етті.
Салтанатты жиында Бейбіт Атамқұлов еліміздің және ҚР ИИДМ-нің индустрияландыру, көлік және инфрақұрылымдық даму саласындағы жұмысын қысқаша қорытындылады.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.