ЭКСПО КЕЗІНДЕ ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСТЕР АШЫЛАДЫ

ЭКСПО КЕЗІНДЕ ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСТЕР АШЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында айтты.

Қазақстандық тасымалдаушылар 7 қалаға 12 рейс ашуды жоспарлап отыр. Олар: Сиань, Киев, Минводы, Ереван, Жуковский, Челябинск, Томск. Сонымен қатар, Стамбул, Бейжің, Лондон, Сеул, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы, Санкт-Петербург, Үрімші бағыттары бойынша рейстерді көбейтетін болады.

«ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының дерегі бойынша халықаралық рейстермен 310 мың шетелдік жолаушы келеді деп күтілуде. Халықаралық бағыттарды толық қамту үшін 755 мың жолаушы орны берілетін болады ( Ұшу жиілігі аптасына 196 рейс болатын 32 халықаралық бағыт).