ALMATY TECH GARDEN AMM-2017 КОНГРЕСІНДЕ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК СТАРТАПТАРДЫ ҰСЫНДЫ

ALMATY TECH GARDEN AMM-2017 КОНГРЕСІНДЕ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК СТАРТАПТАРДЫ ҰСЫНДЫ

AMM-2017 барысында Almaty Tech Garden стартаптары мен әріптестері әзірлеген, тау-кен-металлургиялық кешеніне арналатын инновациялық шешімдер ұсынылды. Мемлекет басшысының Ұлт Жоспарының 63-ші қадамын орындау аясында, Almaty Tech Garden ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Startup Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламасын жүзеге асырады. Аталмыш бағдарлама Қазақстанда инновациялық компаниялардың зәру жиынын қалыптастыруға бағытталған. 2020 жылға дейін 50-ге жуық жоғары технологиялық, әрі экпортқа бағдарланған компанияларды инкубациялау жобаланады. Көрме барысында қатсыушылар Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге арналған шешімдерді әзірлейтін инновациялық жобалармен танысуға мүмкіндік алды. Олар:

  • «IntelliSense.io» - деректердің ірі жиынын өңдеуге арналған платформа;
  • Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институты – сенсорларды әзірлеу;
  • «Singularity Lab» - тау-кен металлургия саласындағы мамандарды виртуалды түрде даярлау;
  • «OrionM2M» - автоматтандыру, сенсорларды әзірлеу;
  • «Signum» (Winnum) – Индустрия 4.0 және өнеркәсіптік интернет өнімдеріне арналған бағдарламалық платформа;
  • «M2M» – жергілікті сымсыз технологиялардың (LoraWAN, Industrual wireless Ethernet) байланысын қолдану арқылы асырылатын өнеркәсіптік автоматтандыру;
  • «LuxeTelecom» (RTLS) – қызметкерлермен цифрлық канал арқылы байланысу мүмкіндігі бар жер астындағы активтердің жылжуын қадағалау мен бақылаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз ететін диспетчерлік жүйе.

Индустрия 4.0 элементтерін және аддитивті технологияларды тау-кен металлургиялық кешеніне енгізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатымен AMM аясында, Almaty Tech Garden ұйымдастыруымен, арнайы дөңгелек үстел өтті. Оған Siemens, IntelliSense.io, Carl Zeiss, Metalysis компанияларының өкілдері қатысты. Талқылау барысында тау-кен металлургиялық кешені бойынша, Almaty Tech Garden құратын, Технологияларды дамыту орталығы аясында аталмыш саланың кәсіпорындарына ұсынылатын мүмкіндіктер таныстырылды. Аталмыш орталықты құруға инвестиция тартып отырған әріптес - McKinsey&Company. Жуық арада автоматтандыру және терең аналитика бойынша бірінші модульдің қосылуы күтілуде. Оның қызметі үшін Intellisense.io (Ұлыбритания) компаниясының бұлттық платформалары қолданылады. Модульдің қызметі Индустрия 4.0 бойынша жаңа шешімдерді әзірлеу мен тестілеуге бағытталады. Сондай-ақ, тағы 3 модульдің қосылуы және модельдік карьердың, модельдік байыту фабрикасының құрылуы күтілуде. Олардың негізінде мамандарды жаңа технологияларға оқыту жұмысы жүргізіледі (2020 жылға дейін 1200-ге жуық мамандарды оқыту көзделеді). Бұл өндіріс шығындарын 30% қысқартуға немесе өндірістегі өнім шғарылымын тең дәрежеде арттыруға, энергиялық тиімділікті 10% арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, AMM-2017 аясында Almaty Tech Garden тау-кен металлургиялық кешеніне инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған маңызды келісімдер орнатты. Соның ішінде, Metalysis (Ұлыбритания) компаниясымен ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім металл ұнтақтарын өндіру саласындағы Қазақстан өнеркәсібін дамытуға бағытталған. ИТП «АЭА» территориясында ұнтақтар мен металл қоспаларын өндіруге, сондай-ақ, адитивті өндіріс әдістерін қолдану арқылы коммерциялық тұрғыда тиімді өнімдерді шығаруға арналған тәжірибелік қондырғыны құру көзделеді.

Бұдан басқа, Almaty Tech Garden құрайтын Технологияларды дамыту оратлықтары негізінде «МАЙКРОМАЙН Центральная Азия»  компаниясымен ынтымақтастық орнатылды. Технологияларды дамыту орталықтары аясында, сондай-ақ олардан тыс жерде өндірілетін өнімдерге тау-кен-металлургиялық саласындағы мамандарды оқыту және инновациялық шешімдерді енгізу жайлы пилоттық жобаларды жүзеге асыру жобаланады.

 

Анықтамалық ақпарат:

Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Almaty Tech Garden брендімен жұмыс атқарады) өз қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Заңына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президенті "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.

«ИТП» ДКҚ бейкоммерциялық ұйымы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының басқару мекемесі болып табылады. «ИТП» ДКҚ-ның әрекеті инновацияға деген сұранымды нығайту мен ынталандыруға, ғылыми зерттемелерді және стартаптарды инкубациялауға, сонымен қатар, жоғары технологиялы компаниялардың дамуына инвестиция тартуға бағытталған.