ҚР ИИДМ-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты іс-шара өтт

ҚР ИИДМ-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты іс-шара өтт

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппаратының басшысы Ерболат Мұқаев көп жылғы және адал еңбегі үшін ведомство комитеттері мен департаменттерінің 30 қызметкеріне министр Бейбіт Атамқұловтың атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясының жаңа 20 мүшесіне партия билеттері табысталды. Мемлекеттік қызметке алғаш кірген 7 қызметкер ант берді.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.