«Абай шығармалары – әдептілік бастауы»

«Абай шығармалары – әдептілік бастауы»

2021 жылғы 16 және 23 қарашада Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің және «Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметіне ішкі тексеру барысында Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.О. Мұздыбекова «Абай шығармалары – әдептілік бастауы» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрістің негізгі мақсаты Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы жоғары адамгершілік және моральдық қағидаттарды оқу арқылы мемлекеттік қызметшілердің рухани дамытылуына, білім мен ғылымға ұмтылуына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің нығайтылуына, жемқорлықтың алдын алу мен жойылуына бағытталды.

Бұған қоса Министрліктің Көлік комитеті Норма шығармашылық қызметі, превенция және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы А.Н. Қуанышев ағымдағы жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің  негізгі нормаларын түсіндіру бойынша баяндама жасады.

Қатысушыларға өтініштердің түсініктері, түрлері, тіркеу мен қарастыру тәртібі, әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдаудың негіздері мен жүргізу рәсімдері, сондай-ақ Кодекспен белгіленген өтінішті қарастырудың өзге де талаптары түсіндірілді.