
Ағымдағы жылғы 17 қарашада Министрлікте құрылымдық бөлімшелердің, ведомствалардың және олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері үшін оқыту онлайн-семинары өтті. Іс-шара барысында Заң департаментінің директоры Бақытбек Төлеубаев Министрлік қызметкерлеріне ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) келесі негізгі ережелерін түсіндірді.
Сонымен қатар Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Жалпы оқыту нәтижелері бойынша қатысушыларға өтініштер мен шағымдарды сапалы және уақтылы қарауға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.
Іс-шарада Министрліктің барлық салалық құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың және бағынысты ұйымдардың қатысушылары кеңінен қамтылды.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған семинарларды жұмыста пайдалану үшін слайдтар, сондай-ақ Кодекстің кейбір ережелерін түсіндіретін қосымша материалдар «Google Диск» сақтау сервисіне жүктелген (сілтеме: https://drive.google.com/folderview?id=1TlOvGqUPmxFt_U Rfxqa77V8QQepC_b4) .