
Байқау 2017 жылғы 10 сәуірден 8 маусым аралығында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ) кластерлік даму жөніндегі компонентін іске асыру аясында өтті. Байқауды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, аумақтық кластерлерді дамытудың операторы «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ы (бұдан әрі – ҚИДИ) ұйымдастырды.
Жобаны іске асыру үшін «ҚИДИ» АҚ-ы кластерлік даму үшін арнайы шетелдік компанияларды, яғни кластерлік әдісті пайдаланған Еуропаның ең алғашқы өңірлерінің бірі болған Кластерлік бастамалардың Еуропалық қоры және Баск елдерінің (Испания) Инфиде компаниясын тартты.
Қазақстан кәсіпорындарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында аумақтық кластерлерді іріктеу байқауында «ҚИДИ» АҚ-ы ҚР өңірлерімен белсенді ақпараттық-консультациялық жұмыс жүргізді. Осылайша, 2016 жылдың маусым айынан 2017 жылдың маусым айлары аралығында 300-ден астам кәсіпорында кездесу өткізіліп, облыс әкімдіктері ақпараттандырылды, өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен (ӨКП), арнайы экономикалық аймақтармен, ҚР бизнес-қауымдастықтармен жұмыс жүргізілді.
«ҚИДИ» АҚ-ы 10 сәуірден бастап Инфиде кеңесшісі Хуан Мануэль мырзамен бірге еліміздің аймақтарына қайтадан барып, әкімдіктерде, ӨКП-да, және қауымдастықтарда кәсіпкерлермен кездесті. Бұл сапардың негізгі мақсаты - аумақтық кластерлерді іріктеу байқауының негізгі ережелері мен өтініштерді бағалау әдістерін түсіндіру және өтініштерді толтыруда кеңестер беру.
Қазақстан өңірлеріне барған сапардың нәтижесінде, байқаудың соңына қарай 21 өтініш, оның ішінде Алматы қаласынан (4), Оңтүстік Қазақстан облысынан (1), Ақмола облысынан (2), Шығыс Қазақстан облысынан (3), Маңғыстау облысынан (1), Қостанай облысынан (2), Павлодар облысынан (3), Қарағанды облысынан (2), Алматы облысынан (1), Батыс Қазақстан облысынан (1), Жамбыл облысынан (1) өтініш түсті.

Іріктеу рәсімінен кейін ҚР Премьер-министрі жанындағы Қазақстан Республикасының өндірістік даму жөніндегі Комиссия 6 пилотты аумақтық кластерді анықтайды. Одан кейін «ҚИДИ» АҚ-ның тобы шетелдік кеңесшілермен бірлесіп 2017-2019 жылдары Жобаға қатысты жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруды бастайды:
Бұл жұмыстың нәтижесі аумақтық кластерлерді дамыту жұмыстарының Жоспарын қалыптастыру (әр пилотты кластерге арналған жеке жұмыс жоспары) болып табылады және 2018-2019 жж. бастап бұл Жоспардан мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып іріктелген кластерлер арасынан тәжірибелік шараларды іске асыру жоспарланып отыр.