


Олар көрменің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын және "Болашақ энергиясы" тақырыбының өзектілігін атап өтті.Ұлттық күннің бағдарламасы ауқымды әрі қызық. Келушілерге Лондонның қазіргі заман балетінің қойылымы, парад-шоу, Гарри Поттердің оқылымы, сондай-ақ саз және вокал нөмірлері көрсетіледі. Ұлыбританияның павильоны ауқымды павильондардың бірі. Онда жаңартылатын энергия көздері, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы соңғы үлгілер мен инновациялар ұсынылған.