
"Фарминдустрия соңғы 4 жылда өнім өндіру көлемін 37-ден 79 млрд. теңгеге дейін екі есеге арттырды. Мысалы, Индустрияландыру картасы аясында енгізілген жергілікті Қарағанды фармацевтикалық кешені 2018 жылдан бастап дәрілік заттар өндірісіндегі өсімді сенімді түрде көрсетіп отыр. Отандық кәсіпорындар шығарылатын фармацевтикалық құралдардың ассортиментін арттырды: бұл цефало-спориндер тобының антибиотиктері, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар және т. б. нәтижесінде қазақстандық жеткізушілердің "СҚ Фармация" сатып алудағы үлесі 3,2 есеге өсті (16,7 млрд. теңгеден 54,6 млрд. теңгеге дейін өсті),-деп мәлімдеді "Индустриялық-инновациялық даму туралы" кеңес барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 23 тамызда Қарағанды облысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары аясында жасаған баяндамасында.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында фармацевтикалық саланың 168 кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 3 ірі, 11 орта, 154 ұсақ, оларда 16 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Бірінші бесжылдық аясында индустриялық бағдарлама саласына тартылған инвесторлар Польша, Түркия, Қытай және Ресей елдері болды. Бірінші бесжылдықтың қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібінде 28,8 млрд. теңге сомасына 3000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен 24 жаңа жоба іске асырылды.
Саланың ең маңызды жобалары: Шымкент қаласында "Химфарм" АҚ-да өндірістік қуаттарды кеңейту; Алматы қаласында дәрі-дәрмек өндіру жөніндегі фармацевтикалық фабриканы жаңғырту; Алматы облысында "ЭЛЕАС" фармацевтикалық зауытын салу; Алматы облысында "Сұлтан" ЖШС фармацевтикалық зауытын салу; Павлодар облысында "Мерусар и К" ЖШС ИСО 13485-2003 халықаралық стандартына сәйкес ассортиментті арттыру арқылы жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту болып табылады.
Сонымен қатар, екінші бесжылдықтың қорытындысы бойынша 16,2 млрд.теңге сомасына 6 жоба іске қосылып, 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Осылайша, Алматы облысында "АбдиИбрахимГлобалФарм" БК ЖШС фармацевтикалық зауытының құрылысы; "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегінің құрылысы; Алматыда бикарбонаттық картридждер өндірісі іске қосылды; Шымкент қаласында "Marai E7group" ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын зауыттың құрылысы; Алматы облысында қуаты 200 млн. таблетка өндіретін "Химфарм" АҚ-да қатты пероральді формалар өндіретін цех өз жұмысын бастады; Шымкенттегі "Химфарм" АҚ-да инъекциялық және инфузиялық препараттар өндіру цехының базасында стерильді емес ерітінділер өндірісі басталды.
Осы жобалардың барлығы елімізде бұрын өндірілмеген фармацевтикалық өнімнің ассортиментін кеңейтуге және фармацевтикалық өнім экспортының көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, 2018 жылы "Химфарм" АҚ инъекциялық және инфузиялық препараттар өндіру цехының базасында стерильді емес ерітінділердің жаңа өндірісін іске қосты. Жаңа желіде дәрілік заттардың номенклатурасын ұлғайту мүмкіндігі бар 7 препарат шығарылады. Қуаты жылына 3 млн. бөтелке препараттарын шығаруға мүмкіндік береді.
2019 жылы компания ылғалды түйіршіктеу учаскесін іске қосуды және зертханаларды GMP стандартына сәйкес жаңғыртуды жоспарлап отыр.