
Бұл жөнінде Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Бас директорының міндетін атқарушы Замир Сагиновтың белоруссиялық «Белдорцентр» кәсіпорнына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Іссапар аясында З. Сагинов компания басшысы Александр Крыхтамен кездесті. Ол қазақстандық тарапқа Белорусь еліндегі жолдардың қауіпсіз пайдаланылуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтып берді. Қазақстандық делегация кәсіпорынның заманауи техникалық құралдарын өз көзімен көріп, әр бөлімді аралады, орталықтың өндірістік қуаттылығымен танысты.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының басшысы Қазақстандағы жолдардың Беларусь елінің тәжірибесі бойынша цифрландырылатындығын атап өтті. Мұндай жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қоғамның ақпараттандырылуын жоғарлатуға, сондай-ақ, жолдардың жағдайы мен ондағы қозғалыстың қарқындылығына сүйене отырып, жолды жөндеу жұмыстарын жоспарлау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Замир Сагинов белоруссиялық әріптестеріне қазақстандық «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» РМК жұмысы туралы айтып берді. Оның атап өтуінше, орталық республикалық маңызы бар және жергілікті жолдардың сапасын тексереді. Кездесу соңында ол әріптестеріне өзара тиімді ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

