Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің көлік саласындағы ынтымақтастығы туралы келіссөздер жүргізілді

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің көлік саласындағы ынтымақтастығы туралы келіссөздер жүргізілді

Ресей Федерациясының Көлік министрлігінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев РФ Көлік министрінің орынбасары Игорь Чаликпен кездесті.

Кездесу барысында азаматтық авиация, автомобиль көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, өткізу тіректерінің ағымдағы жұмысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресей Федерациясы Көлік министрлігі арасында екі елдің теңіз порттары арқылы мультимодальдық транзиттік бағыттарды дамыту жөнінде бірлескен іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды.

Бұдан басқа, елдер арасындағы әуе рейстері санын арттыру мүмкіндіктері қаралды. 

Сондай-ақ, Ресейдің "Simetra" компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып,  қазақстандық делегация Ресейдің ірі қалаларының ұлттық моделімен және көлік модельдерімен танысты.