Көліктік бақылау қызметінің 2021 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындылары және көліктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы

Көліктік бақылау қызметінің 2021 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындылары және көліктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы

Көлік бақылау органдарының 2021 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ көліктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары бүгін вице-министр Берік Камалиевтің басшылығымен өткен кеңесте қаралды.

Биылғы 9 айда автомобиль көлігіндегі көліктік бақылау органдары 76 мыңға жуық жүк автокөлік құралдарын тексерді. Олардың 16,5 мыңы заңнама талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды. Оның ішінде 7,3 мыңы - шетелдік көліктер.

4,5 мың жүк көлігінің жол жүруге рұқсат етілген параметрлерден асып кетуіне жол берілмеді (жол төсеміне келтірілген залал 1,4 трлн теңгені құрады).

Мемлекет кірісіне 4,3 млрд теңгеден астам алымдар мен айыппұлдар өндірілді.
Темір жол көлігінде 299 кәсіпорынға тексеру жүргізілді. Сондай-ақ 8,6 мың жылжымалы темір жол құрамы, 7,2 мың шақырымнан астам магистральдық, станциялық және кірме жолдар тексерілді.

13 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Бұл кірме жолдарда болашақта елеулі бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, 554 жолаушылар пойызы тексерілді. Нәтижесінде 57 млн теңгеге мыңға жуық әкімшілік материал рәсімделді.

Су көлігінде 3 293 кеме қаралып, қорытындысында 836 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (өткен жылдың көрсеткішінен 20% көп). Салынған және өндіріп алынған айыппұлдар сомасы 7,6 млн теңгені құрады. 120 кемені пайдалануға тыйым салынды.

Сондай-ақ, 5 947 шақырымға жуық кеме қатынасы су жолдары қаралды. Оның қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою бойынша 8 ұйғарым берілді.

Тексерулер жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында ҚР ИИДМ процестерді автоматтандыруға және кезең-кезеңімен қашықтықтан бақылау нысанына көшуге мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударады.

Мәселен, 2019 жылдан бастап көліктік бақылау органдарының қызметкерлері төске тағатын бейнеожетондармен жабдықталған. Оларды пайдалану сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзінің тиімділігін көрсетті. Екі жыл ішінде видеожетондардың көмегімен көліктік бақылау бекеттерінде пара беру және алудың 20 фактісі анықталды.

Биыл пилоттық режимде көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі іске қосылды. Ол жол парағын және тауар-көлік жүкқұжатын электрондық нысанда ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұл жүргізушілерді осы құжаттарды өзімен бірге алып жүру талабынан босатады.

Кеңес барысында вице-министр бірқатар тапсырмалар берді, соның ішінде жолаушыларды, жүкті тасымалдау және қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты бұзушылықтар санын азайту, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін алдын алу жұмыстарын күшейту сияқты тапсырмалар бар.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді, атап айтқанда "АNTIKOR ORTALYGY", "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің және құқық бұзушылықтарды анықтау жөніндегі мобильді топтардың жұмысына белсенді қатысу қажет.