АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІНДЕ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАРИФІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІНДЕ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАРИФІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Тыңдалымға мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен қоғамдық бірлестіктердің , тәуелсіз сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-да өткен тыңдалымда қолданыстағы тарифтен 146,7% жоғары, максималды ұшу салмағы 1 тоннасына 292,59 теңге мөлшеріндегі 5 жылға арналған шекті тариф жобасы таныстырылды.
Қоғамға таныстырлған дерек бойынша, тариф деңгейінің өзгеруне инвестициялық бағдарламаны іске асыру, бекітілген тариф сметасындағы шығынмен салыстырғанда қоғамның нақты шығындарының артуы және 2010 жылман салыстырғанда көрсетілетін қызмет көлемінің артуы себеп болып отыр.
Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілгент тапсырыс Комитеттің қарауда жатыр. Қарау мерзімі биыл 24 қыркүйекте аяқталады. Аталмыш тапсырысты қарау нәтижесінде Комитет барлық ұсыныстарды, ескертулер мен ұсынымдарды, жария тыңдалым барысында айтылған мәселелерді қарап, объективті шешім қабылдайтын болады.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, аэронавигациялар мен әуежайлардың табиғи монополиялар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі қызметі азаматтық авиация саласының өкілетті органына берілгенін атап өткен жөн.