
"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі авиациялық медицинаның өзекті мәселелері" атты III Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн режимде өтті. Конференцияға 100-ге жуық авиациялық медицина қызметкерлері, авиациялық медициналық орталықтардың дәрігерлері мен сарапшылары, әуе компаниялары мен әуежайлардың дәрігерлері, әуе компанияларының қызметкерлері және Ресей Федерациясы, Молдова Республикасы, Қырғыз Республикасы сияқты елдердің медициналық мамандары қатысты.
Іс -шараның мақсаты - ұшуларды медициналық қамтамасыз етуге қатысушылар арасындағы диалогты кеңейту, COVID-19 пандемиясы жағдайында медициналық қамтамасыз ету, медициналық куәландыру, жолаушыларға медициналық көмек көрсету, санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық реттеудің өзекті мәселелері мен проблемалары бойынша пікірталас ұйымдастыру.
Конференцияға қатысушылар көрші елдердегі авиациялық медициналық сарапшылардың жұмыс тәжірибесімен танысып, медициналық куәландыру және ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету ережелері бойынша білім деңгейін көтерді.
Іс-шара аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас директоры қазіргі пандемияның әуе көлігіне, әуе компанияларына, экипаждарға және авиамедициналық мамандарға әсері туралы айтып берді. ИКАО ұсынымдарының негізінде азаматтық авиация саласын қолдау үшін медициналық сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту мәселесі бойынша ААК бұйрығы шығарылды. Әуе компаниялары мен әуежайларға коронавирустық инфекцияны таратпау кедергілері бойынша ұсынымдар шығарылды. ААК медициналық қызметкерлері CAPSCA азаматтық авиациясында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын алу және басқару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім отырысына белсенді қатысады.
Конференцияда Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Молдова Республикасының Азаматтық авиация органының, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің, қазақстандық әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ авиациялық медициналық сарапшылар сөз сөйледі.
Баяндамаларда ұшудың медициналық қауіпсіздігіндегі медициналық тәуекелдерді басқарудағы сарапшының рөлі, әуе кемесінің бортында жолаушыларға медициналық көмекті ұйымдастыру және оны көрсетудің әрбір кезеңіндегі талаптары, авиациядағы адами фактор мәселелері, медициналық куәландыру кезінде ЕАЅА талаптарын енгізу, авиациялық медицинаның негізгі проблемалары және оны шешу жолдары атап өтілді. Өзара іс-қимыл жолдары, әуежайлар мен әуе кемесінің бортындағы санитарлық жағдайды жақсарту, азаматтық авиацияда COVID-19 алдын алу бойынша тәжірибелік кеңестер белгіленді.
Бұдан басқа, әуежайларда, әуе кемесі бортында санитарлық нормаларды орындау мәселелері, тік ішек обырынан, коронарлық шунттаудан кейін сараптамалық шешімдер қабылдау мәселелері талқыланды. Нормативтік құқықтық актілерге, соның ішінде авиациялық медицина мәселелерін регламенттейтін толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша бірқатар іс-шаралар ұсынылды.