ҚР ИИДМ: "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы заң бұзушылықтар көбейгенін көрсетті

ҚР ИИДМ: "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы заң бұзушылықтар көбейгенін көрсетті

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық көліктік бақылау органдары ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен, әкімшілік полициямен, Мемлекеттік кірістер комитетімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2021 жылғы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында "Автобус" кешенді жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды.

Қазақстан аумағында 2020-2022 жылдарға арналған Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі жол картасын іске асыру аясында 877 автобус пен шағын автобус тексерілді. Олардың 496-сы заң бұзушылықпен пайдаланылғаны анықталды. Заң бұзушылық фактілері бойынша 612 әкімшілік хаттама жасалды.

Негізгі бұзушылықтар: автобустар мен шағын автобустардың санитарлық жағдайы, сыртқы безендірілуі және жабдықталуы бойынша бекітілген "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалдау қағидалары" талаптарының сақталмауы. Сондай-ақ, "Автомобиль көлігі туралы" ҚР Заңы талаптарын сақтамай, шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдаудың 15 фактісі, тіркеусіз және рұқсатсыз жолаушылар мен жүк заңсыз тасымалдаудың 30 жағдайы анықталды.

Бұзушылыққа жол берген тасымалдаушылар мен жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер мен тасымалдаушылар арасындағы көлік тәртібін арттыру, жолаушыларды заңсыз тасымалдаушыларды анықтау, автокөлік құралдарының техникалық жағдайының белгіленген талаптарға сәйкестігі, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының мөлшерін бақылауды күшейту мақсатында өткізілді.

Аумақтық көліктік бақылау органдарының жолаушылар тасымалы саласындағы бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу жөніндегі жұмысы одан әрі жалғасады.