ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ГЕОЛОГТАРЫ ФРАНЦИЯДАҒЫ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ГЕОЛОГТАРЫ ФРАНЦИЯДАҒЫ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жер туралы ғылымдардың Халықаралық олимпиадасы (IESO – International Earth Science Olympiad) – геология, метеорология, геофизика, мұхиттану және астрономия пәндерінен орта мектеп оқушылары арасында өткізілетін жыл сайынғы жарыс.

Осы жылы қатысушылар саны 130 адамнан асты.

Өскемен қаласы ОСШЛМФИ 11-сыныбының оқушысы Глеб Смирнов жеке есепте қола жеңімпазы атанды. Қола медальды ол екі жазбаша тест пен 4 практикалық тест үшін жиынтық балл бойынша иеленді.

Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Қалымова және 12-сынып оқушысы Мөлдір Шыңғыс ESP (Earth Science Project) Жер туралы ғылымдар жобасы бойынша командалық жарыста күміс жүлдені иеленді.  

Earth Science Project (Жер туралы ғылымдар бойынша жоба) бұл халықаралық командалық жарыс. Бұл жарыс қоршаған ортаны қорғау, жаһандық жылыну проблемасы, басқа планеталарды колониялау проблемалары тәрізді маңызды тақырыптар бойынша жүргізілді. Жарысты Жапония, АҚШ, Австралия университеттерінің атақты профессорларынан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Ұлттық костюмдермен көркем би көрсеткендер жақсы әсерге бөлеп, залдың қошеметіне ие болды. Олимпиада қатысушылары мен қонақтарына біздің қонақжай еліміз туралы бейнеролик көрсетілді.

Қазақстан командасының барлық қатысушылары Астана қ. «Жас геолог» үйірмесінің және Өскемен қ. үйірмесінің мүшелері.

«Жас геолог» КҚ қаржылық көмек және моральдық қолдау үшін IESO 2017 ҚР жас геологтар командасы сапарының бас демеушісіне Ш.Есенов атындағы қорға алғысын білдіреді.

Сапар бойынша қазақстандық команданың барлық шығыстарын (командалық жарнаны, форманы және жол жүруді қоса алғанда) Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры өзіне алды.

Әрі қарай үлкен жеңістер мен табыстар тілейміз!