
Қазақстан тарапын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, ал әмірлік тарапын БАӘ Ұлттық медиа кеңесінің Бас директоры Мансұр Әл-Мансұри басқарды.
Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуы аталып өтілді.
Соңғы жылдары біздің екі ел басшыларының ерік-жігері арқасында елдер арасындағы саяси және сауда-экономикалық өзара ынтымақтастық едәуір дамыды.
Қазақстанмен сауда саласында Біріккен Араб Әмірлігі араб түбегіндегі елдер арасында бірінші орында. Өткен жылы тауар айналым 3,5 есеге артып, 380 млн. АҚШ долларын құрады.
Инвестиция саласындағы ынтымақтастық тұрақты өсу динамикасын көрсетуде. Соңғы 12 жылда
Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың көлемі 2 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал, Қазақстаннан БАӘ экономикасына құйылған инвестицияның көлемі шамамен 1 млрд. долларды құрады. Бүгінгі күні Қазақстанда Әмірлік капиталының қатысуымен 190-нан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
