
2021 жылғы 22 қазанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Жиын барысында Кеңес мүшелеріне инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, көлік салаларын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеу, сондай-ақ "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасындағы іс-шаралар бойынша ақпарат берілді.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 90%-ын нормативтік жағдайға (2020 жылы-89%) және жергілікті маңызы бар жолдардың 80% -ын (2020 жылы-71%) жеткізу жоспарланып отыр. Жол сервисі объектілерінің 66% ұлттық стандартқа сәйкестендіріледі (1 220 бірлік). Транзиттік тасымалдар көлемін 11% арттырып, 25,3 млн.тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде контейнерлік транзит көоемін 969 мыңға дейін арттыру жоспарлануда.
Теміржол көлігі саласында Достық – Мойынты учаскесін жаңғырту жобасын іске асыру көзделген, оның шеңберінде жолдарға күрделі жөндеу жүргізу, Достық – Бескөл және Саяқ – Мойынты учаскелерінде екінші жолдар салу, бесеуін жаңғырту және алты бөлек пункт салу, сондай - ақ жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын Ақтоғай-Мойынты учаскесін электрлендіру көзделеді.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында 2021 жылы жолаушылар вагондары паркін жаңарту үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бюджеттік кредиттеу есебінен 14,7 млрд теңге сомасына 32 вагон сатып алу жоспарлануда. Қазіргі уақытта оның 28-ң жеткізіліп, қалған 4 вагон жыл соңына дейін әкелінеді.
Сондай-ақ, өңірлерде әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарын толық субсидиялауды қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін қарастыратын ҚР-да қалалық жолаушылар тасымалын дамыту бойынша шаралар кешені талқыланды. Тасымалдаушылардың жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу мен пайдалануға арналған шығындарын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды субсидиялау қағидаларын және тұрақты бағыттарға тарифтерді есептеу әдістемесін өзектендіру қарастырылған.
Сонымен қатар, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Онда ЖСҚ әзірлемей және сараптамадан өтпей жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау, эскиздер бойынша мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базасын тиімді қалыптастыру, құрылыс жобаларын сараптау саласында өзін-өзі реттеу мәселелері көзделген. Үлескерлердің тәуекелдерін барынша азайту және құрылыс салушылардың жауапкершілігін күшейту және үлестік құрылысқа жосықсыз құрылыс салушылардың қатысуына жол бермеу жөніндегі шаралар кешенімен үлестік қатысуы бар объектілер құрылысын тиімді іске асыру тетіктері қарастырылады..
Отырыс қорытындысында Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық ескертулері мен ұсыныстары қарауға қабылданды.