ҚИДИ МЕН ҚАЗАҚЭНЕРГОЭКСПЕРТИЗА АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚИДИ МЕН ҚАЗАҚЭНЕРГОЭКСПЕРТИЗА АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

13 қазанда ҚИДИ басқарма төрағасы Берік Бекенов пен «ЭЭДЭҮИ» АҚ төрағасы Бауржан Смағұловтың кездесуі барысында әріптестік пен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш шараға сондай-ақ Қазақстандық индустрияны дамыту институты мен Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының жауапты қызметкерлері қатысты.

Қол қойылған құжаттың мақсаты - индустриалды-инновациялық даму бағытындағы ұзақмерзімді, нәтижелі және екі тарапқа да тиімді әріптестік орнату.

Меморандум шеңберінде әріптестік келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Аймақтар мен салалар бойынша энергия үнемдеудің тиімділігін бағалау;
  • Индустрия 4.0 технологияларын енгізуді ынталандыру шараларын және саясатын дайындау;
  • Өндірісті қуатпен қамтамасыз етудің баламалы түрлерін іздеп табу және т.б.

Кездесу соңында Берік Бекенов меморандумның өзара ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтеріп, алға қойылған мақсаттардың орындалуына ықпал тигізетінін айтып өтті.