
Оған Ресей, Монғолия, Корея, Кытай және Қазақстаннан өкілдер қатысты.
Қазақстан өкілдігінен Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Талғат Сатиев., Қ.Сәтпаев атындағы геологиялық ғылым институты аумақтық геология бөлімінің басшысы, геолого-минералогия ғылымдарының кондидаты Ерболат Фазылов, «Қазгеология ҰГК» АҚ – ның бас геолог Берікбол Хамзин., инвестициялар департаментінің менеджері Д.Цой қатысты.
Талғат Сатиев кеңес қатысушылары алдына құттықтау сөз сөйлеп,, Ерболат Фазылов «Қазақстан металлогениясы жаңа жаһандық тектоника негізінде» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
15-ші жұмыс кеңесі сәтті және жемісті өтті. Жиын қорытындысы бойынша 15-ші жұмыс кеңесінің хаттамасына қол қойылды.
