
Оған Еуразиялық экономикалық одақтың Көлік министрлері қатысты.Қазақстаннан ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр қатысты.
Кеңесті ЕЭК төрағасы Тигран Саркисян, сондай-ақ ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Адамқұл Жүнісов басқарды.
Кеңес барысында биылғы жыл жұмыстарының қорытындылары шығарылды және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көлік және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықтың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары айқындалды.
Бұдан бөлек, Қытай Халық Республикасы Көлік министрінің орынбасары Дай Дон Чанның қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолының экономикалық белдеуі арасындағы көлік және инфрақұрылым саласындағы басым жобалардың тізбесі талқыланды.
Сонымен қатар 7-9 желтоқсан аралығында Мәскеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үйлестіру көлік жиналысының XXXVI отырысы өтті. Бұл отырыста ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің отырыстарында қабылданған көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттардың ережелерін іске асыру мәселелері,ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 1956 жылғы 19 мамырдағы Электрондық жүк жөнелтіміне (e-CMR) қатысты Халықаралық жүк тасымалдау туралы шартқа (КМР) арналған Конвенциясы туралы қосымша хаттамаға, сондай-ақ, Қосымшаға қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 2006 жылғы 24 қарашада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.

