ҚР ИДМ-ДЕ ВЕДОМСТВОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР ИДМ-ДЕ ВЕДОМСТВОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Онда министрліктің құқықтық мониторинг, норма шығармашылық және талап-арыз қызметтерінің мәселелері талқыланды.

ҚР ИДМ Заң департаментінің директоры Айдар Алиакпаров аталған бағыт бойынша департаменттің және комитеттердің 2017 жылғы қызметінің қорытындыларын шығарды. Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуде, нормативтік-құқықтық акт жобаларын дайындау жоспарын орындауда, қолданыстағы заңнамаға нормативтік-құқықтық актілерін уақытылы сәйкестендіруде және Министрліктің қатысуымен соттар қараған азаматтық істерге қатысты проблемаларды атап өтті.