
"2015 жылдан бастап жаңа автомобильдер саны (3 жылға дейін) 27,8%-ға артып, 416 мыңды құрады, ал ескі автомобильдер паркі (10 жылдан жоғары) 14,5%-ға (420 мың бірлікке) қысқарды. 2018 жылы АКҚ кәдеге жарату бағдарламасы аясында Қарағандыда пайдалануға берілген қуаты бойынша жылына 50 ескі автомобильдерді кәдеге жарату зауыты іске қосылды. 88-ден астам машина кәдеге жаратылды. Жаңа отандық автокөлік сатып алу кезінде жеңілдік беретін 30 мың сертификаттар берілді",-деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Қазақстан Республикасында автомобиль жасауды және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту» атты кеңесте.
Сонымен қатар, арнайы техника өндірісін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. ИИДМ ДСМ - мен бірлесіп ҚР-да санитарлық көлікті жаңарту бойынша жол картасы бекітілді. Алғаш рет мемлекеттік сатып алу шеңберінде шетелдік өндірістің жеңіл автомобильдерін сатып алуды 2 жылға шектейтін ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды.
"Қазақстандық ішкі нарықтың шағын көлемін ескере отырып, отандық машина жасаушылар экспорттық көлемдерді ұзақ мерзімге жоспарлау барысын ұлғайтуды көздеуі тиіс. ҚР-да экологиялық таза автомобильдер өндірісін ынталандыру тетігі аясында автоөнеркәсіп кәсіпорындарын экспорттық қаржыландыру қарастырылған. Маркетингтік алға жылжумен қатар, біз елдің ішінде дайын өнімді тасымалдауға және экспорттық нарықтарда өнімді сертификаттауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша шараларды да көрсетеміз",-деп атап өтті Роман Скляр.
Оның айтуынша, біздің кәсіпорындар жүргізілетін технологиялық операциялардың санын ұлғайтып, кәсіпорындарда жергілікті, жиынтықтаушы және материалдарды пайдалана бастайды, сондай-ақ ірі сериялы өндіріске шыға бастайды. Ірі сериялы өндіріске шығу қойылған міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан автокомпоненттік базаны дамыту бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.
"Отандық машина жасау – құн алыптастырудың жаһандық тізбегіне қосылуы тиіс. Кооперациялық байланыстарды дамыту үшін ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР мен РФ арасында бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Ол келесі жобалар бойынша кооперацияны көздейді. "Камаз" АҚ - мен бірлесе отырып, жүк автокөліктерінің жетекші белдеулері мен бас берілгісінің редукторларын өндіру бойынша зауыттардың және құю зауытының құрылысы басталды",-деді Роман Скляр.
Ағымдағы жылдың сәуір айында "Hyundai" маркалы жеңіл автокөліктерді өндіретін "HyundaiTransKazakhstan"ЖШС жаңа зауытының бірінші тасы қаланды. Қытай серіктестермен ынтымақтастық шеңберінде ҚР-да автокомпоненттік базаны дамытуға қуатты серпін беретін шиналар мен қозғалтқыштар шығаратын зауыттарды іске қосу жоспарлануда.
"Қазіргі уақытта автоөндіріс пен ауыл шаруашылығы машиналарын жасау алдында үлкен міндеттер тұр. Біздің өндірушілердің жоспары бойынша көзделген мақсат - өндіріс пен азық-түлік желілерін кеңейту, экспортқа шығару, сондай-ақ қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды шығаруды игеру",-деді ведомство басшысы.