
«Аэрофлот» әуекомпаниясы көктемгі-жазғы навигация маусымынан бастап, Мәскеу - Қызылорда бағытындағы жаңа әуе рейсін ашатын болады. Ресейлік компания Boing-737-800 (Airbus қосымша) түріндегі әуе кемелерімен аптасына төрт рет ұшуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта аталған бағыттағы әуе рейсін орындау жөніндегі келісу шаралары жүріп жатыр.
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды.