
Бұл күрделі авиациялық оқиғаны объективті түрде тергеу мақсатында ұшу және сөйлеу ақпараттарына Мемлекетаралық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі сарапшылары талдау жасады.
Қорытынды ақпараттардың жобасын дайындау кезінде ұшу мен сөйлеу ақпараттарын оқу және мағынасын ашу нәтижелері назарға алынды.
Боинг-767-300ER әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тергеу қорытындысына сәйкес, экипаждың дұрыс әрекет жасамағаны негізгі себеп болып отыр. Атап айтқанда, бұрып болған соң қозғалтқыштың жұмыс режимінің жоғары айналымын жөнсіз көтеру мен екпінді режимде жұмыс істеп тұрған (39,5%) қозғалтқышпен тежегішті бір уақытта дұрыс қолданбау ұшақтың екпінін күшейтуге алып келген. Сонымен қатар, ұшар алдында диспетчерге көрінуді бағалау мен сол туралы ақпаратты беруге назар аудармау себеп болған.
Сондай-ақ, ұшу үшін аэродром минимумын білмеуі, әуе кемесінің кабинасында операторлық қызметке назар аудармай, диспетчермен қажетсіз сөйлесу, ұшар алдындағы дайындықтың сапасыз болуы қосымша себеп болған және РД «F» жолақтарын білмегендіктен РД «F» осьтік желісімен емес, солға қарай ерте бұрылып кеткен.
Бұған қоса, оқыс оқиғаға әуе кемесі командирінің (Бір уақытта әуе кемесі қозғалтқышының жұмыс режимінің артуы мен тежегіштің қолданылуы) түрлі бағыттағы іс-әрекеттері себеп болған. Бұл – қиын жағдай туындаған кезде басқарушылық шешімдер мен іс-әрекеттердің дұрыс еместігін көрсетеді.
Тергеу комиссиясы алдағы уақытта осындай авиациялық оқыс оқиғалардың алдын алу, болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасындағы әуе кемелерін пайдаланушыларға ескерту шараларын ұсынды.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылдың 27 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу Ержесіне сәйкес, жоғарыда аталған авиациялық оқиғаға байланысты 2017 жылдың желтоқсанында Комиссия құрылып, тергеу жүргізілді.
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды.