
Кездесуге АҚШ-тың ірі бизнес-компанияларының 50-ден астам өкілі қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың құрметіне орай, кездесуге АҚШ Сауда палатасының мүшелері, 250 кәсіпкер, 3 мыңнан астам аймақтық палаталардың мүдделерін көздейтін 3 миллионнан астам мүше қатысты.
«Әлемнің өте маңызды аймағында орналасқан Қазақстан Америка бизнесі үшін үлкен әлеуетке ие», - деп атап өтті АҚШ Сауда палатасының төрағасы Томас Донохью.
Америкалық капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын бірлескен жобалар Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларын қамтитын болады. Мысалы, іс-шаралар барысында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтамақтастық туралы, авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп саласында, ауылшаруашылығы, көлік және т.б. салаларда жетекші америкалық компаниялармен – «Chevron Overseas», «W. R. Grace&Co», «GE Transportation Parts LLC», «Pfizer», «John Deere», «Amity Technology», «Global Beef Investments LLP» және тағы басқаларымен коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
Сондай-ақ., Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, республиканың экономикасын сандық бағытқа көшіруге бағытталған құжаттарға қол қойылды.
Олардың ішінде АХҚО, «ИТП» ДКҚ және «IBM» арасындағы Astana Startup HUB ИТ-технопаркінің базасында қаржылық технологиялар бойынша инкубаторды құру туралы келісім, «ИТП» ДКҚ және «Global Venture Alliance» арасындағы өнеркәсіпті сандандыру қорын құру туралы келісім, «GE Digital» және АО «ФНБ «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ арасындағы теміржол көлігін, энергетиканы, мұнай өңдеуді және экономиканың басқа да секторларын цифрландыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша стратегиялық әріптестік туралы келісім бар.
Қазақстан-Америка сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ екі елдің іскерлік топтарын жақындастыруға арналған маңызды мәселелердің бірі, «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев АҚШ-тың қаржылық институттарымен Жеке меншік шетелдік инвестициялар Корпорациясы (Overseas Private Investment Corporation (OPIC) және Оппенхаймер сияқты АҚШ-тың ірі қаржылық институттарымен жалпы сомасы 3 млрд. АҚШ долларына бірлескен инвестициялық жобаларды және сауда операцияларын қаржыландыру туралы құжаттарға қол қойды.
Яғни, «Kazakh Invest» және «Жеке меншік шетелдік инвестициялар Корпорациясы» қаржылық-кредиттік агенттіктің Президенті Р.Уошбормен OPIC тарапынан америка компанияларының қатысуымен жобаларды қаржыландырудағы ынытамақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, «Oppenheimer» америкалық қорының Басқарушы директоры Питер Албаномен бірге Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру немесе инвестиция құю үшін америкалық қаржылық институттарды тарту туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Анықтама үшін: Oppenheimer & Co. Inc. Компаниясы 1969 жылы құрылған, инвесторларға, жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мекемелергеқаржылық қызметтер мен кеңестер ұсынатын жетекші инвестициялық банк және кешенді инвестициялық фирма болып саналады.Компания өз қызметін 4 бағыт бойынша жүзеге асырады: «Капиталды басқару», «Активтерді басқару», «Капитал нарықтары», «Инвестициялық Банкинг». Moody’s - B1. За период 2016 жылы Moody’s - B1 халықаралық рейтингтік агенттіктің кредит рейтингі,клиенттердің активтерінің портфелі 77,2 млрд. АҚШ долларына жуық соманы құрады.
«Қазақстан нарығы америкалық инвесторлар үшін IT және инжиниринг, көлік және логистика, ауылшаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілік тартымдылығын білдіреді. ««Kazakh Invest» ҚР Үкіметінің атынан бүкіл инвестициялық цикл бойынша – идеядан оны толықтай жүзеге асырылғанға дейін қолдайтын, сондай-ақ пост-инвестициялық қолдауды қамтамасыз ететін, шетелдік инвесторлармен бірден-бір келіссөздер жүргізуші ретінде қызмет атқарады», - деп атап өтті іс-шара қорытындысында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.
Анықтама үшін: Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында «Kazakh Invest» Бүкіләлемдік Банкпен бірге 2018-2022 жылдарғаарналған Ұлттық инвестициялық стратегияны дайындалған. Жұмыс үш бағыт бойынша жүргізіледі: Қазақстанның инвестициялықклиматын жақсарту; тиімді операциялық шараларды жүзеге асыру және инвестиция тартудың жаңа әдістерін дайындау; жекешелендіружәне мемлекеттік-жек меншік әріптестік. Ұлттық стратегияда шетелдік инвестицияларды тартуға арналған әлеуетті салалар (АПК, машина құрылысы, химия және мұнай химиясы, инфрақұрылым, тау-кен-металлургия кешені, сауда) және оның үлесіне әлемдікинвестицияның 80 %-ға жуығы келетін 11 әлеуетті елдер (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, ОңтүстікКорея, Түркия, БАӘ) анықталған. 2022 жылға қарай ПИИ жалпы ағыны 1,26 есеге дейін артады; ПИИ жалпы көлемінің ІЖӨ-ге қатынасы 2022 жылы 19%-ға дейін артады; тиімділікті арттыруға бағытталған ПИИ 1,5 есеге; экономиканың шикізатты емес секторының негізгікапиталындағы инвестицияның көлемі 1,46 есеге артады; экономиканың шикізатты емес секторының негізгі капиталына салынатынсыртқы инвестицияның көлемі 1,5 есеге артады деп жоспарланып отыр.