
Жылжымалы құрам мен оның кепілін мемлекеттік тіркеу ережелеріне өзгертулер енгізілді. Енді қызметті пайдаланушылар кепілді өзгертуді/толықтыруды немесе тоқтатуды egov.kz "электронды үкімет" веб-порталында тіркей алады.
Сонымен бірге, Ережелерге "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ арқылы «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» қызметін көрсету мерзімін қысқартуға қатысты өзгертулер енгізілді. Қызмет көрсету мерзімі 8 күннен 5 күнге дейін қысқарды.