ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА БАРЛЫҚ РЕЙСТІК АВТОБУСТАР ТЕКСЕРІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА БАРЛЫҚ РЕЙСТІК АВТОБУСТАР ТЕКСЕРІЛЕДІ

22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында өтетін жедел-профилактикалық шара аясында ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдайтын көліктер мен жүргізушілер тексерілетін болады.

Жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың және таксилердің техникалық ақауы болса және қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда, көлікті одан әрі пайдалануға тыйым  салатын шаралар қабылданады.

Бұдан бөлек, жасырын маршруттарды анықтау үшін көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері мен қоғам өкілдерінен тұратын мобильдік топтар құру туралы шешім қабылданды.

Рейс алдында автомобильдің міндетті техникалық және жүргізушінің медициналық байқаудан өтуіне, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауларына баса назар аударылады.

Республикамыздың автомобиль жолдарындағы жолаушылар мен багаж тасымалдау мәселелері бойынша «Рубеж» қарау-бақылау бекеттерінде бақылауды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылданады.