2017 ЖЫЛЫ ШЕТЕЛ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫ 4649 РЕТ ҚР ЗАҢНАМАСЫН БҰЗДЫ

2017 ЖЫЛЫ ШЕТЕЛ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫ 4649 РЕТ ҚР ЗАҢНАМАСЫН БҰЗДЫ

Көлікті бақылау органдары 26 мың шетел автокөлік құралын тексерді. Нәтижесінде ҚР көлік заңнамасын бұзғаны және халықаралық келісімдерді сақтамағаны үшін 1950 шетелдік тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 439-ы рұқсаттама жүйесін бұзғандар. Бұл қатарда 195 ресейлік, 47 қырғыз, 40 литвалық, 30 украиналық, 29 польшалық, 28 түрік және 70 басқа тасымалдаушы бар.

Жалпы, 2017 жылы халықаралық келісім нормаларын және ҚР көлік заңнамасын бұзған үшін 4649 шетел тасымалдаушысы жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде 1674 тасымалдаушыға рұқсаттама жүйесін бұзғандары үшін айыппұл салынды.