ҚАЗАҚСТАНДА БІРҚАТАР ӨҢІРЛІК АЭРОДРОМДАРДЫ ЖӨНДЕП, ШАҒЫН ҰШАҚТАР САТЫП АЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

ҚАЗАҚСТАНДА БІРҚАТАР ӨҢІРЛІК АЭРОДРОМДАРДЫ ЖӨНДЕП, ШАҒЫН ҰШАҚТАР САТЫП АЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Жобаларды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен қарастырылған. Жергілікті әуе желілерінің ұшуын қалпына келтіру үшін өңірлік санаттағы біршама ұшақ керек»,- дееді азаматтық авиацияны дамыту мәселелеріне арналған Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Алдын ала талдау бойынша 2018-2020 жылдар кезеңінде ондай ұшақтардың қажеттілігі 20-ға жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта «Жетісу» әуе компаниясы оператор ретінде анықталып отыр. Өңірлік санаттағы ұшақтарды алу бойынша келіссөздер жүргіп жатыр.

«Екі қозғалтқышы бар, сыйымдылығы 20 орындық, санитарлық-жолаушы және көлік нұсқаларында жедел қайта конфигурациялау мүмкіндігі мол (30-40 минут), сондай-ақ сипаттамалары талапқа сай жаңа ұшақтарды сатып алу жоспарлануда. Мұндай бір ұшақтың орташа құны 2,2 млрд. теңге тұрады. Өз қаражатымыз бен «БРК-Лизинг» АҚ-ң займ қаржысы қаржыландыру көзі ретінде пайдаланылмақ»,-деді министр.

Алдын ала есеп бойынша, шағын авиация жобаларын қаржыландыруға 23 млрд. теңгеден астам қаржы қажет.

Әуе тасымалының өсуіне байланысты саланы мамандармен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып отыр. Осыған орай, мамандарды дайындау сапасын көтеру мен алдағы уақытта жетілдіру үшін 2018 жылы Астанада Авиациялық-оқыту орталығының құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Ол 2020 жылы аяқталуы тиіс. Сондай-ақ, министрлік «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-н салалық ведомствоға беруді ұсынады. Мұндағы мақсат авиациялық мамандардың біліктілігін арттырудың бірыңғай жүйесін құру.

Қазіргі уақытта Қазақстанның азаматтық авиациясында 20 000 адам жұмыс істейді.

Анықтама: 10 000 – әуежай жұмысшылары, 3 000 – жазғы құрам (330 – шетел қшқыштары), 2 000 – инженерлік-техникалық құрам, 650 авиадиспетчерлер, 4 350 – әуе компания қызметкерлері, техникалық орталықтардың, авиациялық оқу орталықтарының мамандары.