ҚР ИДМ АВИАЦИЯ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ БРИТАНДЫҚ МОДЕЛЬГЕ КӨШІРУДІ ҰСЫНАДЫ

ҚР ИДМ АВИАЦИЯ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ БРИТАНДЫҚ МОДЕЛЬГЕ КӨШІРУДІ ҰСЫНАДЫ

Бұл білікті инспекторлардың көбеюі мен алға қойлған мақсаттардың бірі ұшу қауіпсіздігі деңгейін 80%-ға жеткізу арқылы ИКАО-ның талаптарына сай болуға мүмкіндік береді. ИКАО-ның шартына сәйкес, авиациялық әкімшілік инспекторларының саны қазіргіден 2 есе жоғары болуы тиіс»,- деп мәлімдеді Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, осы міндетті іске асыру аясында министрлік дайындық жұмыстарын жасады, Британ азаматтық авиация агенттігімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, британдық мамандар Қазақстанға бірнеше рет келді, техникалық ынтымақтастық жобалары пысықталып, тиісті ұсынымдар алынды.

«Бірлескен жұмыстар негізінде біз британдық модельді енгізудің тәсілдерін жасадық. Онда қолданыстағы заңнамаға ұшу қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын азаматтық авиация саласындағы қадағалау мен бақылау жөніндегі ұлттық компания түріндегі жаңа құрылымға ауыстыру туралы Министрліктің алдында есеп беретіндей өзгерістер енгізілетін болады. Инспектор ретінде жұмыс істейтін кейбір қызметкерлер ұлттық компанияға ауысады. Министрлік мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен халықаралық қатынас мәселелеріне жауап береді»,-деді Жеңіс Қасымбек.

 Тұжырымдамалық шешім қабылдап, әрі қарайғы іс-қимылдарды анықтау мақсатында Министрлік Үкіметке британдық модельді модернизациялау жөніндегі Ұлттық Комиссияның отырыстарына жолдау туралы ұсынысты енгізді.

«Бұл мәселе ҚР ҰЭМ жанындағы модернизациялау жөніндегі Жұмыс тобына енгізіледі. Одан кейін жақын арады Ұлттық комиссияның қарауына жіберіледі»,-деді ҚР Инвестициялар және даму министрі.

Азаматтық авиацияны реттеудің британдық моделі әлемдегі ең дамыған басқару формаларының бірі және ұшу қауіпсіздігі саласындағы қадағалауды қамтамасыз ететін мемлекеттік корпорация.

Ұлыбританияның ИКАО стандарттарына сәйкес, ұшу қауіпсіздігінің 93%-дан жоғары деңгейі мұндай құрылым тиімділігінің көрсеткіші болып саналады (салыстырмалы түрде, әлемдік орта деңгей - 63%, орташа еуропалық деңгей – 76%, Қазақстан – 74%).