
«Маревен Фуд» тағам өнімдерін өндіру мен сатумен айналысатын FMCG халықаралық (Fast Moving Consumer Goods –күнделікті сұранысқа ие тауарлар) компания. Компанияның сауда маркасының портфелі «Роллтон» және «BIGBON» сияқты белгілі брендтерді, сондай-ақ «Mareven Food Professional» кәсіби аспаздық брендті қамтиды. Барлық өнім ISO 9001:2008 сапа менеджментінің жоғары стандарттарына сәйкеседі. Компания әлемнің басқа елдерінде де инвестициялық жобаларды іске асыруда жемісті тәжірибеге ие.
Инвесторлар атап отырғандай, жаңа зауыт өнімнің кең көлемді ассортиментін ұсынатын болады. Бұл Қазақстанның ішкі нарығын өніммен қамтамасыз етеді және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, сондай-ақ Моңғолия мен Еуразиялық аймақ елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.
«Өндірістік процесте шикізаттың негізгі үлесі басым түрде қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын болады. Біз тәулігіне 90 тоннаға дейін өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы осындай өндірістік қуатқа шығуды жоспарлап отырмыз», –деді «Маревен Фуд» компаниясының өкілі.
Зауыт құрылысы «Арна» индустриалды өнеркәсіптік алаң аумағында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда барлық инженерлік-коммуникациялық желілер жеткізілген. Басты қойма мен өндірістік нысандарды салу жұмыстары аяқталып жатыр.
2017 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Mareven Food Holdings Limited (Кипр) ірі трансұлттық компанияның қазақстандық жобасы «Маревен Фуд Тянь-Шань» арасында инвестициялық келісім шартқа қол қойылды.
«Kazakh Invest» Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп қолдау көрсетіп отыр. Зауыт биыл іске қосылады. Ұлттық компания жеңілдіктер мен преференциялар алу мәселесінде жобаға көмектесетін болады», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша «Kazakh Invest» өңірлік директоры Марк Бейдали.
«Kazakh Invest» тарапынан шығарылатын өнімге рұқсат беру құжаттарын ресімдеуде, автомобиль жолдары және теміржол инфрақұрылымдарын жеткізуде, газбен жабдықтауға қосылуға техникалық шарттар алуда қолдау, компанияның шетел жұмыскерлерін визалық қолдау, сондай-ақ, инвестициялық преференцияларды алуға инвестициялық келісімшарт бекіту жағынан инвесторға қолдау (технологиялық жабдық және оның құрауыштарын импорт алу кезінде кедендік баж салығын салудан босаты, сондай-ақ есептелген ұжымдық табыс салығының сомасын, жер салығы және мүлік салығын азайту) көрсетіледі.
Анықтамалық: Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Kazakh Invest» Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия әзірледі. Жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілетін болады: Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту; тиімді операциялық шараларды іске асыру және инвестиция тартудың жаңа жолдарын әзірлеу; жекешелендіру мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік.
Ұлттық стратегияда шетел инвестициясын тарту үшін басым салалар ретінде АШК, машина жасау, химия және мұнай химиясы, инфрақұрылым, кен-металлургия кешені, сауда саласы және әлемде инвестициялардың 80 % үлесі тиесілі болатын 11 басым елдер ретінде АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ анықталды. 2022 жылға қарай ПИИ жаппай ағыны 1,26 есе артады деп жоспарланып отыр; 2022 жылы ЖІӨ жаппай тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,5 есеге артатын болады; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 1,46 есеге артады, экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есеге артатын болады.

