ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ӨНІМНІҢ СӘЙКЕСТІГІ МЕН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ МІНДЕТТІ ФОТО ЖӘНЕ БЕЙНЕ ТІРКЕУ ЖОСПАРЛАНУДА

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ӨНІМНІҢ СӘЙКЕСТІГІ МЕН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ МІНДЕТТІ ФОТО ЖӘНЕ БЕЙНЕ ТІРКЕУ ЖОСПАРЛАНУДА

Өнімдерді нарыққа шығару жүйесін жеңілдету туралы,  техникалық реттеу, аккредиттеу, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар саласындағы мәселелерді одан әрі дамыту және интеграциялау жөніндегі жұмыс жоспары туралы толығырақ спикерлер айтып берді.

Сондай-ақ, қатысушылар Одақ елдерінің аумағындағы өнім  айналымымен байланысты Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің  бірыңғай техникалық регламенттерін енгізудің қол жеткізілген нәтижелері, нотификация институты және ЕЭК-тің техникалық регламентінің өзгерістері туралы талқылады

Сапардың негізгі мақсаты Еуразиялық комиссияның техникалық реттеу, аккредиттеу, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринария саласындағы мәселелерді одан әрі дамыту және интеграциялау жөніндегі жұмыс жоспарын қалыптастыру және бекіту кезінде кейінірек ескерілуі мүмкін болатын ЕЭК-қа мүше елдердің алдында тұрған ағымдағы мәселелерді зерделеу және келешекке арналған міндеттерімен таныстыру.

Қазіргі кезеңде Еуразиялық экономикалық комиссияның басшылығы мен үйлестіруімен ЕЭК-тің техникалық реттеу жүйесін құру және жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

Сонымен бірге, Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттерге бірыңғай техникалық регламенттерді енгізудің жағымды әсерін атап өту керек. Келесі маңызды кезең - Одаққа мүше мемлекеттерге бірыңғай техникалық регламенттерді енгізу.

Бүгінгі күні Қазақстанда 37 қабылданған техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік беретін аккредиттеу саласында аккредиттелген субъектілердің жеткілікті желісі қалыптасты. Техникалық регламенттерді қабылдау тауарларға арналған бірыңғай нарықты құруға, нарыққа шығу жүйесін жеңілдетуге бағытталған маңызды және елеулі кезең болып отыр.  

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов қазақстандық тарап сәйкестікті бағалау және сынақ бойынша жұмыстардың міндетті түрде фото-және бейнежазбасын қамтамасыз ету үшін  сәйкестікті бағалаудың Үлгілік сұлбалары жобасы шеңберінде бастамашылық жасағанын атап өтті. Бұл тәжірибе Еуропалық Одақ елдерінде кеңінен қолданылады. 

Онымен қоса, отырысқа қатысушыларға болашақта Одаққа мүше елдердің және Еуразиялық комиссияның уәкілетті мемлекеттік органдары арасындағы тиімді ынтымақтастықтың алгоритмін талқылау және келісу тұр. Жалпы, бұл қауіпсіз емес өнімдердің айналымын бақылауға мүмкіндік береді, мұндай өнімдерді нарықтан алып тастауға және жедел ден қоюға, яғни, Одақтың ортақ нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәсілдерін жүйелейді.