ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ЭЫДҰ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ЭЫДҰ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесу барысында Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастықтың Министрлік жетекшілік ететін бірқатар бағыттары туралы ақпарат алмасты.

Көлік бағыты бойынша ЭЫДҰ-ның Қазақстанға арналған 2017-2018 жылдарды қамтитын Елдік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жергілікті қосылған құн тізбектерін оңтайландыру» бірлескен жобасы талқыланды. Жобаның мақсаты – Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы көліктік байланыстарды кеңейту саясаты бойынша ұсынымдар дайындау. Министр қазақстандық тараптың жобаның жүзеге асырылуына мүдделі екендігін мәлімдеді.

Кездесу ЭЫДҰ-ның аталмыш жобаның ресми тұсаукесері мен мемлекеттік органдар мен ұйымдармен екіжақты кездесулер өткізу мақсатында 29 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтіп жатқан Қазақстандағы арнайы миссиясы аясында ұйымдастырылды.