
Нысанды жобалау, салу және одан әрі пайдалану жауапкершілігі Концессионердің өзіне жүктеледі.
Жобаның концессиялық міндеттемелері 512 млрд. теңгені құрайды. Ол Инвестициялық шығындарды өтеу (құрылыс жұмыстарының (құрылыс-монтаж жұмыстарының (ҚМЖ), құрылыс кезеңінде банктің пайыздары, құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары), Пайдалану шығындарын өтеу (ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу, техникалық қамтамасыз ету) және Басқару сыйақысы (Меншікті капиталдың құны, операциялық кезеңдегі банктің пайыздары, қосымша құрылыс шығыны, қосымша операциялық шығындар, салықтар (КТС, ҚҚС), операциялық шығындар, пайдалану кезінде сақтандыру шығындары) мәселелерін қамтиды.
Концессионерге концессиялық міндеттемелерді төлеу жолдың құрылысы аяқталғаннан кейін және оны мемлекеттік меншікке қабылдаудан кейінгі 15,5 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады. Концессионер өзінің тәуекеліне орай өз қаржысын инвестициялайды және жолдарды салу үшін банктерден несиелік қаржы тартады. Яғни, мемлекет бюджет қаражысын жұмсамай-ақ жолдың иелігіне ала алады.
Мұндай сыртқы қаржыландыру алдағы 3 жылда жол салу үшін қажетті 150 млрд. теңгеден астам сома (ҚЖМ құны) шетелдік тікелей инвестициялардың ағыны арқылы келеді дегенді білдіреді.
Сондай-ақ, 15,5 жылда (шарттың аяқталуына дейін) бюджетке төленетін жоспарлы жинақ 231 млрд теңгені құрайды. Ал, 25,5 жылда (бірінші күрделі жөндеуге дейін) - 570 млрд. теңге табыс түседі.
Анықтама үшін:
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:
құрылыс кезеңі: 2018-2021жж .
пайдалану уақыты: 2021-2037жж;
Ұзақтығы - 66 км; Санат: «6» жолағы бар «1а» (цемент бетон жабыны); Болжамдық орташа қарқын тәулігіне 38 мың автомобильге дейін жетеді; Көпір өткелдері мен жол өтпелері - 38; Көлік бөліктері - 7 дана. қозғалыс жылдамдығы-150 км / сағ дейін ; Концессия мерзімі: 20 жыл.