ҚАЗАҚСТАН МЕН БЕЛАРУСЬ ӨНЕРКӘСІП ПЕН МАШИНА ЖАСАУ САЛАРЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН БЕЛАРУСЬ ӨНЕРКӘСІП ПЕН МАШИНА ЖАСАУ САЛАРЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

Кездесу барысында өнеркәсіп пен машина жасау саларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жеңіс Қасымбек екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, жалпы өңдеу өнеркәсібі саласындағы бірлесіп іске асырған жобалардың үлесін атап өтті.

Өз кезегінде Виталий Вовкекі ел арасындағы өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екенін айтып, өнеркәсіп саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.

Өнеркәсіп министрі сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясы өнеркәсіптік ынтымақтастық пен өзара сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытудың, ал, шағын комиссия өзара әрекеттесу механизмі мен белсенді ынтымақтастықты қамтамасыз ету алаңы екенін атап өтті.

Анықтама:

2017 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 539 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53%-ға артты (353,0 млн. АҚШ долл).